Қазақстан мен Грузия СІМ басшылары астанада келіссөз өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жарты жылда Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда-саттық бес есеге артып, 150 млн АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Грузия Сыртқы істер министрі Илья Дарчиашвилимен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.