Ақмолланың ақындығы
Ақмолла билер (феодалдар) және байлар табының санасымен жырлаған ақын. Әрине, моллалығы да соның ішінде.
Билер, байлар табының санасының ақыны болған соң, өлеңдерінің қандайлығы өз-өзінен мәлім болса керек. Өйткенмен, Ақмолланың өзінен бұрынғы және кейбір өзінен соңғылар ескішіл, діншіл ақындардан айырмашылығы зор. Ол айырмашылық, бұл кісінің ақындыққа, әдебиетке, өнер деп зор мағына берушілдігінде. Және өзі молла болғанмен, көзді жұмып алып, аллалай берген молла емес.
«Сөз шығар шағырлардан хикметпенен,
Онша көз алартпаңыз қыддетпенен...»
және «Әр пенде шығар менен кітап толы, Қарасақ иелері қандай ұлы» — дейді Ақмолла.
Ақмолланың көп өлеңдері таза қазақ тілінде болса да, кейбір өлеңдері татаршаға жақын. Татарша дегенде, араб, фарсы...