Ақмолланың өмір тарихы
Ақмолла 1839 жылы туып 1895 жылы өлген. Бұл кісінің әкесі қазақ, шешесі татар. Ақмолланың шын аты — Мұптақитден. Ақмолла деп Қазақтар атап, лақап аты қылып жіберген. Ақмолланың әкесі Мұқаммедияр Сырдария өзенінің бойындағы Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) аймағының қазағы.
Мұқаммедияр жас күнінде Нығметолла қазірет деген молламен Башқұртстанның Стерлибас деген қаласына еріп кеткен. Сол Нығметолла қазіреттің қолындағы бір асыранды қызын Мұқаммедияр алып, сол татар қызынан Ақмолла ақын туады. Ақмолланың әкесі өліп, анасын Қамалетден деген бір татар алады. Ол кісі анасымен бірге Ақмолланы да (яғни — Мұптақитденді) өзіне бала қылып алады. Ұзамай анасы да өледі. Сөйтіп ақын өгей ата, өгей ананың қолында жасынан жетім...