Ыбырай Алтынсарыұлы
Ыбырай Алтынсарыұлы Қостанай маңында 1841 жылы туып, 1889 жылы өлген.
Ыбырай бір жағынан ақын болса, екінші жағынан Халық ағарту майданында қызмет қылған адам. Ең бірінші рет қазақтың ана тілінде оқу құралын жазған және сол, ана тілінде қазақ баласын оқытқан ең алғашқы тұңғыш оқытушысы болған. Және ол қазақ әдебиетін Еуропа жолына, өнер жолына бұрып, бастаған ең тұңғыш жаңашыл күресшіл ақын.
Ыбырайдың шығармаларының мәні, санасы — негізінде билер (феодалдар) табыныкі, сол замаңдағы орыс елінің, өнерге, өнеркәсіптеріне аяқ басу арқасындағы орыс оқығандарынан шыққан, жаңашылдардың әсерімен және қазақ даласына сауда капиталының, отаршылдықтың мықтап шеңгел салуының, әсерімен Ыбырай жастарды оқуға, өнерге шақырды. Енді одан басқа...