Кезектегі істерім
Былтырдан бері «Біздің тұрмыс» атты бір роман жазған болып жүрмін. Бірақ, оны әлі де қадағалап отырып жазғаным жоқ. Бұл романды 3 түрлі ортамен байланыстырып, сол 3 түрлі ортаның тұрмысын (дұрыс жағын да, теріс жағын да) жазбақпын: оным: қала, колхоз, зауыт. Әрине, бұл 3 ортадағы қоғамның барлық қыртыстарының тұрмыстарын түгел суреттей алам деп ойламаймын. Әйткенмен, тұрмыстары баяндалатын адамдарым қала, колхоз, зауыт болмыстарымен байланысады.
«Біздің тұрмыс»

«Қызыл ат»
«Қызыл ат» жазылып, баспасөзде жарияланды да. Бірақ оның соңғы бөлімі түгел жазылып жарияланған жоқ. Енді «Қызыл аттың» сол соңғы бөлімін түгелдеп шығармақпын.
«Қызыл аттағы» зор мақсатым:
1) Өлкелік партия комитетінің (Крайкомның) жаңа басшылығының дұрыс...