Республика қаһармандары: 70 жастағы таксист ана өмірге еш өкпелемеуге кеңес береді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін де қыз-келіншектердің темір тұлпар тізгіндегені ешкімге таңсық емес. Ал көлік жүргізіп нәпақасын тапқан аналардың жөні бөлек. 23 жыл бойы күніне 200-ден астам шақырымды артқа тастап жолаушы тасып жүрген Гүлшара Жолдасбаеваны Маңғыстаудың ойында танымайтын адам аз. Ақ жаулығы желбіреп, ақ тұлпарды тізгіндеп 7 баланы өсірген Гүлшара Мыңбайқызы қазақ әйелінің қайсарлығын көрсететіндей. Оны тынымсыз еңбек адамы ғана емес, көптеген азаматқа үлгі болатын қаһарман тұлға деуге де келеді екен.