Республика күніне орай қандай өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ертең, 25 қазанда қазақстандықтар алғаш рет Республика күнін ұлттық мереке ретінде атап өтеді. Осыған байланысты барлық өңірлерде түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.