Ұлыбританияда алғаш рет азиялық азамат премьер-министр болды
ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі қызметіне Риши Сунак сайланды. Консервативті партияның көшбасшысы ретінде қатысқан бірінші сайлауда жеңілген ол арада жеті апта өткенде көздеген мақсатына жетті. Күресте қалған жалғыз қарсыласы жарыстан шығатынын жариялаған соң Риши Сунак 100 партиялық дауысы бар жалғыз қатысушы және сәйкесінше жеңімпаз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.