Нұрлан Әуесбаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Шымкент қаласында болды. Ол Қазығұрт шағын ауданының тұрғындармен кездесіп, сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.