Менің таңдауым ҚазҰУ
ҚазҰУ мүмкіндіктер мекені. Студенттердің екінші уйі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жетекші көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі. Жалпы университет, дүниежүзілік жетекші университеттер ішінде 150-ші орынға ие. ҚазҰУ- мемлекеттік аттестациялаудан бірінші болып өткен және барлық мамандықтар мен деңгейлер бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растаған Қазақстан Республикасы Жоғары білім беру жүйесінің жетекші мекемесі болып табылады. Мамандарды даярлау 180-нен астам мамандық бойынша жүргізіледі. Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-бұл бізге мамандықтардың кең таңдауын ұсынатын тұтас оқу-ғылыми кешені болып табылады. Университетте жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша 27 мыңнан астам студенттер мен магистранттар оқиды. Бүгінгі күнге Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті әлемнің 300-ден...