Биыл елімізде 300-ден аса пилотсыз ұшу аппараты есепке алынды - комитет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дрондарды пайдаланушылардың қатары артқан сайын оларды тіркеу мен ұшу аппараттарын тиімді пайдалану ережесі туралы мәселе көтерілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.