Қырғызстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салу ұсынылды
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанда ел азаматтарының денсаулығын сақтау, энергетикалық сусындарды тұтынудың салдарынан туындайтын ауруларды азайту мақсатында депутаттар энергетикалық сусындарды әкелуге, өндіруге және сатуға толық тыйым салуды ұсынып отыр. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқыға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешке сілтеме жасап.