ҚазҰУ - білімді жастар ошағы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (1934) - Қазақстан Республикасындағы ең үздік , жетекші ұлттық университет. ҚазҰУ әлемдегі ең үздік 150 университет қатарында.Бұл мекеме көп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесіне бай. ҚазҰУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы болып табылады. Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік және өндірістік әлеуетке ие. Университетте 16 факультет, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк және т.б. орталықтар жұмыс істейді. Бұл университетте Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері , мемлекетік және атаулы сыйлықтың лауреаты атанған атақтылар, ғалым-профессоралар, докторлар,кандидаттар және...