Менің таңдауым - ҚазҰУ
ҚазҰУ жайында қысқаша мәліметтер мен жеке пікір
Менің таңдауым – ҚазҰУ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орны. 1934 жылы негізі қаланған ҚазҰУ қазіргі таңда жоғары кәсіби, тек республикалық ғана емес, халықаралық білім беру орталығына айналып отыр. Әлемнің үздік 150 университетінің қатарында тұрған, атақты шығыс ғұламасы әл-Фарабидің атымен аталған қасиетті қара шаңырағымыз – еліміздің мақтанышы. Дәл осы оқу орнында білім алып, жастық шағымды ҚазҰУға арнағаныма еш өкінбеймін. Осыдан бір жыл бұрын менің өмірімде үлкен таңдаулар тұрды. Алтын ұя мектебімнен қанат қағып ұшқан соң, жоғары оқу орнын таңдау мүмкіндігі туды. Менің таңдауым...