Қазақстан-зайырлы мемлекет
Қазақстан-зайырлы мемлекет
Қазақстан Республикасы - зайырлы, демократиялық мемлекет. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, ашық, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. «Зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларында, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, діннің мемлекет саясатына араласпайтынын білдіреді. Яғни зайырлылық – дінсіздік немесе дінді терістеушілік емес, ол – мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуы. "Зайырлы" сөзі - "ашық", "айқын", "сыртқы" деген негізгі мағынаны білдіреді. Жалпы, "зайырлылық" ұғымының ауқымы кең. Бұл ұғым аясында әр адамның сеніміне, ар- ожданына ешқандай шектеу қойылмайды. Яғни, әр адам дүниетанымдық еркіндігін ұстана отыра, ар-ождан бостандығын еркін пайдалана отырып, өз...