Ескірген автобустар мен жүргізуші тапшылығы – Қарағанды автопарктерінің басты проблемасы
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық автопарк басшылары қоғамдық көлікте сараланған тариф енгізілгеннен кейін не өзгергенін облыс әкіміне баяндады. Олардың айтуынша, автобус жүргізушілері кесте бойынша жұмыс істеп жатыр, жолаушы жинаймыз деп жарысуды да доғарған.