Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының атынан ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин мен елорда әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Пәтер демеушілік қаражат есебінен берілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.