FIFA Қатардағы әлем чемпионаты кезінде стадиондарда сыра сатылуына тыйым салды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық футбол федерациясы Қатарда өтетін әлем чемпионаты кезінде стадиондарда сыра сатылуына тыйым салынатынын ресми мәлімдеді. Чемпионат 2 күннен кейін, 20 қарашада басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат FIFA сайтына сілтеме жасап.