ҰҚК ұстаған белсенділер кім?
17 қарашада ҰҚК «билікті қарумен басып алып, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған» жеті адамның ұсталғанын хабарлап, видео таратты. Оларды оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов басқаратын ұйыммен байланыстырады. Ұсталғандардың туыстары олардың экстремист емес, азаматтық белсенді екенін айтады.