Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - IPO шарасы кезінде «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларына тиімді ақша салу сылтауымен алаяқтар Play Market-тің ресми дүкенінде күмәнді қосымшаларды белсенді түрде жарнамалауда. App Store-да әзірге мұндай сервистер пайда бола қойған жоқ. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі қазақстандықтарға ескерту жасады.