Батыс Қазақстан облысындағы Новопавловка ауылының атауы өзгереді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысына қарасты Новопавловка ауылдық округінің атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігі мен облыстық маслихаттың бірлескен шешім құжатында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.