Мол қар жауып, көктайғақ болады: Жұма күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат – 25 қарашада Атлантика циклонының өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар түрінде жауын-шашын сақталады. Елдің батысында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыста бұрқасын болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.