Алматыдағы «Шұғыла» кинотеатры қайта қалпына келтіріледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматыда көп жылдан бері бос тұрған «Шұғыла» кинотеатры алдағы уақытта халық игілігі үшін жұмыс істейтін болады. Бұл туралы қала әкімінің Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.