Даңқты жыр алыбы-Жамбыл
Жамбыл – өз заманының ұлы ақындарының бірі. Бала кезінен ақындық дарынымен өз ортасында таныла бастады. Бүгінде міне,Жамбылдың туғанына 175 жыл толып,елімізде Жамбылға арнап атаулы мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй,ақындық жырауалық өнер айрықша орын алғаны айқын байқалды. Ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды,жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлап жеткізген. Қандай дүниені болмасын, ақын көзімен барлап, сурет күйінде танып үйренген Жамбыл өмірден өткенше осы аңғарымпаз қалпынан танған емес. Қай заманның ақыны болса да, жай пенделер секілді өз заманына тәуелді. Өз заманының туындысы. Жамбыл шығармашылығы да өз дәуірінің шындық сәулесі. Ол халық әдебиетін, өзінен бұрынғы ақындар шығармаларын, ауызша тараған жыр-дастандарды жатқа...