Әкімдіктер 2023 жылғы 1 маусымға дейін стихиялық полигондарды жоюы тиіс - Үкімет
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әкімдіктер 2023 жылғы 1 маусымға дейін стихиялық полигондарды жоюы тиіс. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Президент жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында осындай тапсырма берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің телеграм каналына сілтеме жасап.