2026 жылға қарай СҚО ауыл шаруашылығында 141 млрд теңгеге 72 жоба жүзеге асырылмақ
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысымен және «Ауыл Аманаты», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Жайлы мектеп» ұлттық жобаларының іске асу барысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.