Ілияс Оспанов Индустрия вице-министрі қызметіне тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ілияс Есетұлы Оспанов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.