«Қазақстанның Министрлер кабинетінде 100-ден астам адам бар» – фейк
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазнетте екі суреттен жасалған коллаж тарады. Олардың бірінде жүзден астам адамнан тұратын Қазақстанның Министрлер кабинеті көрсетілген-мыс. Екіншісінде – Швейцарияның Министрлер кабинеті, оның жеті-ақ өкілі бар екен. Stopfake.kz сайты тараған коллажға талдау жасап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.