"Ауыл" мәжіліске 34 адамды ұсынды. Арасында президент сайлауына қатысқан бұрынғы кандидаттар бар
Аты көп естіле бермейтін «Ауыл» партиясы да кезектен тыс съезін өткізіп, кандидаттарын анықтады. Олардың арасында былтырғы президент сайлауына қатысқан кандидаттар Жигули Дайрабаев және Қарақат Әбден де бар. Ауылдықтар Ақорда саясатын қолдап, Қаңтарды көп қаузамау керек деп санайды.