Атырауда әкесі ұрып-соғып, намаз оқуға мәжбүрлеген 11 жасар қыз полицияға жүгінді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық ер адам 11 жасар қызын ұрып-соғып, дұға жасауға мәжбүрлеген. Әкесінен зәбір көріп, үйінен қашып кеткен жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.