Алаш ойының найзағалы ту ұстары
Мақалада газет жайлы біршама ақпараттар айтылған.
Газет, журнал оқысаң,
Көзіңді, қазақ, ашасың,
Дүние халін білмесең,
Ілгері қалай басасың.
Міржақып Дулатов
Фәниге келгеніміздегі біздің межеміз қандай?
Қаракөк мынау, алқаракөк фәниге келгендер көп, келмегендер көбірек. Келдік. Көрдік. Жедік. Тойындық. Ендігі сауал бұлығыңыр сананың көмескіленген көкірек көзі қайткен жағдайда ашылар екен? Сана да сілтідей тұнған сүліңгір тыныштыққа “рухани жарылыс” жасасақ тамшыдай ғана тамызық тамар ма екен? Мүмкін дәл осы тамызықтан кейін бойды кернеген намыстан жүрек көзінде толқыныс тұтанар... Бәлкім...
Білеміз дүние жүзі толған халық, сол хабар-ошарды, халықтың хал-жайын, шаруаларын түгел жайып беретін газет пен журнал екені хақ... Және “газет халықтың көзі, құлағы һәм тілі” десек кеңестік кезеңнің шынжырын тағынған...