Бейрут портындағы жарылыс: Кім кінәлі
![Бейрут портындағы жарылыс: Кім кінәлі](https://www.inform.kz/radmin/news/2023/02/07/230207104056020e.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат – 13 айға созылған үзілістен кейін, қаңтар айының соңында Бейрут портындағы жарылысты тергеу іс-шаралары қайта қолға алынды. Бұл 21 ғасырдағы ядролық емес ең қуатты жарылыс әрі соңғы уақыттағы аса ірі техногендік апат саналады. Апат орын алған 2,5 жылға жуық уақыттан кейін осы іске айыпты саналған саясаткерлер тарапынан көптеген заңды талаптардың болуына байланысты ішкі тергеу іркіліп қалды. Осыған орай ҚазАқпарат «жарылысқа не себеп болды, жауапкершілік кімге жүктеледі, неліктен кінәлілер әлі күнге дейін белгісіз?» деген сауалдарға жауап іздеуге тырысты.