Карағандыда қыз баланы шашынан жұлқылаған балабақша қызметкері жазаланды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы баласы «Арман» балабақшасында білім алатын ата-ана мекеме қызметкері балаға қол көтерді деп шағымданған. Бейнебақылау камераларынан белгілі болғандай, тәрбиеші кішкентай қызды шашынан жұлқылаған. Қалалық білім бөлімі қызметтік тексеру өткізіп, оның нәтижелерін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.