MP3, ZIP және PDF технологиясын ойлап тапқан Авраам Лемпель Израильде қайтыс болды
ТЕЛЬ-АВИВ. ТАСС - Математик және компьютер ғалымы Авраам Лемпель Израильде 86 жасында қайтыс болды, деп хабарлады дүйсенбі күні Yedioth Ahronoth газеті. Басылымның мәліметінше, профессор Лемпельдің көрнекті жетістіктерінің бірі - MP3, ZIP және PDF сияқты көптеген заманауи файл пішімдерінің негізін құраған деректерді қысу алгоритмдерін жасау болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.