Ыстанбұлда сейсмикалық талаптарға сай емес 93 мектеп жабылатын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ыстанбұлдың әкімшілік басқармасы сейсмикалық қауіпсіздік талаптарына сай емес 93 мектепті жаппақ. Олардың ішінде 76 мектепті бұзып тастайды немесе реконструкциялайды, ал 17 мектеп жаңартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның сайтына сілтеме жасап.