Түркістан облысында төрт күн бұрын жоғалған аңшы іздестіріліп жатыр
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Бәйдібек ауданында төрт күн бұрын жоғалып кеткен аңшы іздестіріліп жатыр. Өңірдің құтқарушылары жергілікті тұрғынды Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жердегі Арыстанды өзені мен оның жағалауындағы қамыстардың арасынан іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.