Сайлау: ҚСЗИ сарапшылары Жезқазған қаласында сараптамалық отырыс өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 наурыз күні Жезқазған қаласында «Жаңа азаматтық мәдениет: сайлау қарсаңындағы электоралды ұстанымдар» тақырыбында «ҚСЗИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сараптамалық алаңының отырысы өтті. Іс-шараға облыс басшылығы, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшылары, Ұлытау облысының қоғамдық ұйымдары мен кәсіподақтарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.