СҚО-да алаяқ 80 жастағы әйелді алдап, 270 мың теңгесінің орнына қағазды ұстатып кеткен
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 80 жастағы әйел алаяққа жем болды. Полицейлер қылмыскерді алысқа ұзатпай ұстап, зейнеткердің тырнақтап жиған 270 мың теңгесін қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.