Баспа ісінің бүгінгі хал-ахуалы
Адамзаттың рухани әлемінің игілігіне айналған баспа кітаптың қай кезеңде болсын әлеуметтік маңызы зор. Осы себептен де, бүгінде дүние жүзінде баспа саласын қарқынды дамыту мен баспагер мамандарға тиісті жағдай жасау қолға алынған. Әлем елдерінде баспа өндірісі саласын көркейту мақсатында түрлі ассоциациялар мен қоғамдық ұйымдар да құрылған.
Қазақстанның баспа саласы да жаhандық даму көшіне ілесе отырып, нарықтық бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуда. Алайда елде кітап шығару және тарату жүйесі тәуелсіздік алғалы ақсаңдап тұр. Бүгінде ұлттық бизнестің дамуына баспагерге салынатын 12 пайыз ҚҚС салығы, пошталық тарифтің қымбаттауы, бағаның тұрақсыздығы сынды мәселелер кедергі келтіруде. Сонымен қатар, республика аумағындағы кітап дүкендерінің аздығы да – басты мәселелердің...