Қазақстандық гимнаст әлем кубогы кезеңінде алтын медаль алды
Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов ат үстіндегі жаттығуларда үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құрбанов ат жаттығуында 15.400 ұпай жинап, әлем кубогы кезеңінде алтын медаль алды.
Бұл дисциплинада күміс медаль ирландиялық Рис Маккленаганге бұйырды. Үздік үштікті Тайбэй өкілі Шао Ю Ян түйіндеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Спортты дамыту дирекциясы (@drs_kz)
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!