ХХІ ғасырдың жаһандық проблемасы: қазақстандықтардың 20% астамы семіздікке шалдыққан
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы Қазақстанда өздерін тым толық деп санайтын ұлдар мен қыздардың үлесі артқан. 2018 жылы ұлдардың тек 8,8% және 11-15 жас аралығындағы қыздардың 12,9% өздерін тым толық деп санаған болса, 2022 жылғы зерттеу көрсеткендей, қазір ұлдардың 14,3% және қыздардың 18,8% өздерін салмағы тым жоғарылар қатарына жатқызады. Бұл – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы дайындаған «Қазақстан оқушыларының өмір салты факторлары, олардың физикалық, психикалық денсаулығы мен әл-ауқаты» ұлттық есебінің деректері, деп хабарлайды ҚазАқпарат.