Шерхан Мұртазаның « Бір кем дүние» кітабы туралы
Шерхан Мұртазаның қай шығармасын алып қарасақ та, өмірдің ащы шындығы мен автордың жан күйзелісін, сондай-ақ сыни көзқарасын анық байқай аламыз. Жазушы қаламынан туған әрбір шығарма терең мағынасымен және жазылу шеберлігімен ерекшеленіп тұрады. Қаламгер артына өшпейтін із - әдеби мұра қалдырып, оның шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорына енді. Ш. Мұртазаның ұтқыр ойлы, ұшқыр қаламды жазушы екені сөзсіз.
«Бір кем дүние» шығармасынан автордың өмірден көрген- білген «әттеген-айлары» мен өткен заманға деген өкінішін байқауға болады. Бұл кітап ұлттымыздың, қоғамымыздың өресіз қылықтары мен келеңсіз мінез-құлықтарына деген реніштен туған.
Автордың орақ тілімен орып түсер философиялық ойлары Абай қарасөздерінен кейін халыққа...