Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы жаңарды – сарапшы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қайта жасақталған Мәжіліс әртүрлі саяси бағыттағы партиялардың негізгі күрес алаңына айналмақ. Себебі сайланған депутаттар мен саяси партиялардың арасында «оңшылдар» да, «солшылдар» да бар. Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының аға сарапшысы Асхат Кеңесов келтіріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.