Бас мүфти Алматыда зиялы қауым өкілдеріне ауызашар берді
![Бас мүфти Алматыда зиялы қауым өкілдеріне ауызашар берді](https://www.inform.kz/radmin/news/2023/04/01/230401192927286e.jpg)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда зиялы қауым өкілдеріне, түрлі сала қызметкерлеріне, сондай-ақ қарттар және балалар үйіндегі жандарға арнайы ауызашар берді. Бұл туралы діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.