Елімізде жеке медициналық кітапшаның электрондық түрі енгізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгеріс енгізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.