Қарағандыда құбыр жарылып, ондаған үй сусыз қалды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда Сұрыптау шағын ауданы және Компанейс кентінің тұрғындары бірнеше сағат бойы суық сусыз отыр. N6 магистральдық су құбырында диаметрі 500 мм болатын жарық пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.