Ауыл аманаты: Жетісу облысында малшылар кооперация құруды жоспарлап отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Жетісу облысына ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында 3,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің Кербұлақ ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.