"Терезеден шығып кеткен". Дәрігерлер жүргізушінің жағдайын айтты
Дәрігерлер Алматы маңында жантүршігерлік жол апатына ұшыраған Mercedes жүргізушісінің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дәрігерлердің айтуынша, 20 жастағы жігіт екі аптадан аса уақыт жансақтау бөлімінде жатқан. Ол көптеген жарақат алғаны айтылды.
"Науқас бізге 19 мамырда таңғы сағат 06:41-де түсті. Диагноз:
ауыр аралас жарақат;
жабық бассүйек-ми жарақаты;
ауыр ми жарақаты;
сол жақ төбе-самай сүйектің сызық сынуы;
оң жақ маңдай-самай бөліктегі гематома;
сол жақ төбе-самай-маңдай бөліктегі пневмоцефалия бар гематома;
екі жарты шардың көгеруі;
оң жақ жоғарғы жақтың ығысуы және сынуы;
оң жақтағы орбитаның төменгі бөлігінің сынуы;
мұрын сүйектерінің ығысып сынуы;
екі жақтағы параорбитальды гематома;
сол жақтағы және иектегі көгерген-жарылған жаралар;
сол жақтағы және бетіндегі көптеген көгеру;
сол жақтағы тері астындағы гематома;
сол жақта жабық кеуде жарақаты;
травматикалық шок.
Түскен кездегі шағымдары қан аралас құсу, жүрек айнуы, бас айналуы және жалпы әлсіздік, қайталанатын лоқсу", - дейді дәрігерлер.
if(window.innerWidth>480) {
window.yaContextCb.push(() => {
Ya.adfoxCode.createAdaptive({
ownerId: 264109,
containerId: 'adfox_160136414229977809news351396',
params: {
pp: 'g',
ps: 'cxuf',
p2: 'gyph',
insertAfter: "undefined",
insertPosition: "0",
stick: true,
stickTo: "bottom-right",
stickyColorScheme: "light"
}
}, ['desktop', 'tablet'], {
tabletWidth: 830,
phoneWidth: 480,
isAutoReloads: false
});
});
}else{
window.yaContextCb.push(()=>{
Ya.adfoxCode.createAdaptive({
ownerId: 264109,
containerId: 'adfox_160136414229977809news351396',
params: {
pp: 'i',
ps: 'cxuf',
p2: 'gypi'
}
}, ['phone'], {
tabletWidth: 830,
phoneWidth: 480,
isAutoReloads: false
});
});
}
Фельдшердің айтуынша, жүргізуші "Таң шолпан" дүкені кіреберісіне соғылған, кейін Талғар қалалық орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілген.
"1 маусымда науқас ата-анасының талабы бойынша басқа емханада емделу үшін шығарылды", - деп қосты дәрігерлер.
"Терезеден шығып кеткен". Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!