Қазақстанда мәмлүк кезеңіндегі ислам мәдениетінің көрмесі өтеді
КАИР. ҚазАқпарат- Биыл Қазақстанда Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы кең көлемде атап өтілуде. Қазіргі уақытта қазақстандық делегация «әз-Захир Бейбарыс» мешітінің ашылуына және Бейбарыс сұлтанға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін Мысыр еліне келген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.