19 маусымда жылжымайтын мүлікке қатысты барлық қызмет түрі қолжетімсіз болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 19 маусымда Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіне деректерді көшіруге байланысты жер және жылжымайтын мүлік саласындағы мемлекеттік қызметтің барлық түрі уақытша қолжетімсіз болатынын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.